Студенттер одан әрі жұмысқа орналасуға ықпал ететін практикалық дағдыларды меңгеріп шығады.
Өндіріс орындарында кафедралардың филиалдары ашылады
1,145
оқылды

2023 жылғы 1 тамыз күні Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ делегациясы «Alageum Electric» компаниялар тобының өндірістік алаңдарында атап айтқанда: Кентау қаласындағы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-да және Шымкент қаласындағы «Asia Trafo» ЖШС-де болды.

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ы базасында «Машина жасау» кафедрасының және «Asia Trafo» ЖШС-нің базасында «Энергетика» кафедрасының филиалдары ашылды. Кафедралардың ашылу салтанатына Басқарма төрағасы – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректоры М.М. Бегентаев, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Басқарма аппаратының басшысы  С.Қ. Шалабаев, «Энергетика» кафедрасының меңгерушісі Е. Ә. Сарсенбаев, «Машина жасау» кафедрасының меңгерушісі Е. З. Нұғман, «Alageum Electric» Басқармасы төрағасының орынбасары Х. Б. Қожабаев, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ы Директорлар кеңесінің төрағасы С.Н. Күнтуаров, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның Басқарма төрағасы Б.А. Худайбергенов, «Asia Trafo» ЖШС-нің Басқарма төрағасы О. Б. Асанов қатысты.

Аталмыш өндіріс орындарында кафедралар филиалдарының ашылуы бірнеше мәселені бірден шешуге мүмкіндік береді, әсіресе студенттерімізді өндірістік тәжірибеге жіберуге жол ашады. Студенттер одан әрі жұмысқа орналасуға ықпал ететін практикалық дағдыларды меңгеріп шығады. Сонымен қатар оқытушыларға қосымша тәжірибе жинақтау мәселесі де шешімін таппақ. Ал өзара ынтымақтастық қарым-қатынас компанияның да талаптарын қанағаттандырады. Дуальды білім беру бағдарламасы аясында кафедра филиалдарының ашылуы кадрларды тікелей кәсіпорында жүріп даярлауға мүмкіндік береді. Өйткені студенттерді кәсіпорынның жоғары білікті мамандары оқытатын болады.