Алматыдағы 16 қабатты үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыдағы алапат өрттен кейін 37 адам ауруханаға жеткізілді, 4 бала реанимацияда жатыр
694
оқылды

Зардап шеккендердің ішінде - 26 бала, 2 жүкті әйел, 6 адам жергілікті жерде медициналық көмек алды, төртеуі емдеуге жатудан бас тартты.

Өрт орнына жедел медициналық жәрдем қызметінің 23 бригадасы, оның ішінде 5 мамандандырылған (дәрігерлік бригада), 18 фельдшерлік бригада жіберілді.

Өрттен зардап шеккен адамдар келесі стационарларға жеткізілді: шұғыл пациенттерді қабылдауға дайындалған № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы, балалар шұғыл медициналық көмек орталығы, № 7 қалалық клиникалық аурухана, жедел медициналық көмек ауруханасы, орталық қалалық клиникалық аурухана, №4 қалалық клиникалық аурухана.

Қазіргі уақытта балалар ауруханасының реанимациясында 4 пациент бар.

Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнында бір жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік етуде.