Ерболат Досаев Бекмұхаметовтер отбасына көңіл айтты.
Алматы әкімі өрт кезінде қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты
1,048
оқылды

Алматы әкімі Ерболат Досаев көпқабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты.

«Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін»,- деді Алматы әкімі.

Сондай-ақ қала әкімі қайтыс болған әйелдің әпкесіне толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін айтты.