Аз қамтылған отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындау көмектесу жоспарланып отыр
Аманаттықтар ауылды гүлдендіруге атсалысуда
747
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының «Володарская» бастауыш партия ұйымы Саумалкөл ауылын абаттандыруды, спорттық жарыстар ұйымдастыруды үнемі қолға алып келеді.

Партиялықтар инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөліп, сайлау науқаны кезінде аманаттықтар халықтың ұсыныс-пікірін жинады. Оның басым көпшілігі жол жөндеу мәселесіне қатысты болды. Саумалкөл ауылындағы Янко көшесін жөндеу жұмысы аудандық сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына енгізілді.

 «Аудан орталығының орталық көшесі көп жылдан бері жөндеу көрмей келген еді. Кеңес Одағы кезінде салынған асфальттың тозығы жетті. Бүгінде ұзындығы 3 шақырым Янко көшесін жөндеу жобасы толық аяқталды. Бастауыш партия ұйымының жанынан нысанды партиялық бақылау бекетін құрдық. Барлық жөндеу жұмысы біздің қадағалауымызбен жүргізілді», – деді «Володарская» БПҰ төрайымы Надежда Поселкина.

 Партиялықтар мүгедектігі бар адамдарға да қолдау көрсетеді. Осылайша, бастауыш партия ұйымы қайтарылған жарналар қаражаты есебінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат-дойбы турнирін ұйымдастырды. Осы қаражаттың 20%-на жабдықтар мен сыйлықтар сатып алынды.

Бүгінде аталған БПҰ құрамында 289 адам бар. Олар «Ұлттық мұра», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобаларына белсене атсалысып келеді. Партиялықтардың қамқорлығында жалғызбасты зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері бар. Қазір аманаттықтар кезекті акцияға дайындалуда. Яғни, аз қамтылған отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындау, көмектесу жоспарланып отыр.