Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 38-41°С қатты ыстық сақталады.
Қазақстанның 10 өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады
5,843
оқылды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 4 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, күндіз  еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай болады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканын солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ  жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-39°С қатты ыстық, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 38-41°С қатты ыстық сақталады.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 40-42°С өтте қатты ыстық күтіледі.

Ақмола, Атырау облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында  жоғары өрт қаупі сақталады.  

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Коллаж: telegraf.com.ua