Бүгінгі ресми бағам бойынша 1 доллар құны – 445,01 теңге, Ресей рублінің орташа құны – 4,75 теңге.
4 тамызға арналған валюта бағамы
790
оқылды

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 4 тамызға арналған бағамын жариялады.

3 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,28 теңгеге қымбаттап, 445,03 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443 – 447 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 444,5 – 448,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Қазір ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,71 – 4,81 аралығында саудаланып жатыр.