«Сарышаған» полигонында артиллерист жауынгерлердің атыс дайындығы өтті.
Артиллерист жауынгерлердің біліктілігі шыңдалды
1,056
оқылды

Жауынгерлік даярлықтың 2022-2023 жылының жазғы кезегіндегі алға қойған тапсырмаларға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Сарышаған» полигонында артиллерист жауынгерлердің атыс дайындығы өтті. 

Біліктілікті шыңдау мақсатындағы атысқа ҚР ҚК Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жеке құрамы тартылды. 

Артиллерист жауынгерлер 152 мм тіркемелі артиллериялық «Гиацинт-Б» зеңбірегінен оқ атудан бақтарын сынады. Атыс алаңындағы тартысты бәсекеде биылғы жылдың көктемінде әскер қатарына шақырылып, жақында ғана Әскери ант қабылдаған жас сарбаздар ерекше көзге түсті. 06708 әскери бөлімінің жас сарбаздары арасынан зеңбіректен оқ атудан мүлт кетпеген есептоп қатардағы жауынгер А.Асланов нысанаға дәл тигізіп, алға шықты.

Әрине, жас сарбаз А.Аслановтың атыс дайындығындағы жеткен жетістігі Отан алдындағы борышын өтеп жүрген барлық сарбаздарға үлгі болары сөзсіз.