Елді мекендерге қауіп төнбеді және зардап шеккендер жоқ.
Меркі ауданында құрғақ шөп өртеніп жатыр
442
оқылды

Жамбыл облысы Меркі ауданында Ақтоған ауылынан 20 км жерде таулы аумақта құрғақ шөп өртеніп жатыр.

Қазіргі уақытта өртеніп жатқан құрғақ шөптің аумағы ұлғаюда. «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды.

Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Елді мекендерге қауіп төнбеді және зардап шеккендер жоқ.

Жамбыл облысындағы өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы тартылды.

Сөндіру жұмыстары басталғалы «Қазавиаорманкүзетінің» авиациясы өрт ошақтарына әуеден 18 рет 27-ге жуық тонна су төкті. «Қазавиаорманкүзеті» авиациясымен қатар, өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы да жұмылдырылды.