Қостанай облысының прокуратурасы балалар лагерьлерінің қызметінде кешенді тексерулер жүргізді. Тексеріс балалардың құқықтарын қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және санитарлық салауаттылық саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелерін қамтыды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанай облысындағы балалар лагерінде сауна жұмыс істеп тұр
892
оқылды

Алдын ала тексеру нәтижелері жаға ұстатарлық:

"Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша, балалар лагерьлерінде жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен тамақ өнімдері, перспективалық мәзірдің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеуі, балалар лагерінің аумағында балалар үшін жарақат алу қаупі бар аймақтардың болуы, шайындыларды зерттеу нәтижелері ішек таяқшасы тобының бактерияларын көрсетті. Балалар лагерьлерінің бірінің әкімшілік бөлмесінде спирттік ішімдіктер табылды",-  делінген Қостанай облысы прокуратурасының есебінде.

Сонымен қатар балалар лагерінің территориясында бильярд үстелі, сауна және киім ауыстыратын орны бар бөлмелер табылды.

Прокурорлар тексеруді жалғастыруда, барлық анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.