Үй жануарларын есепке алу ережелері биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Оның негізінде иттер мен мысықтарды міндетті есепке алу көзделген. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
1 қыркүйектен бастап иттер мен мысықтар есепке алынады
1,463
оқылды

Заңның 11-бабы  2-тармағына сәйкес, үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес, жануарларды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйені дербес айқындайды, сондықтан деректер базасының функционалын пысықтау мәселелері бойынша азаматтар жергілікті әкімдікке жүгінуге құқылы.

Сонымен қатар заңнамаға сәйкес, жануардың иесі немесе оған жауапты тұлға есепке алу бұйымын (құралын) дербес айқындайды, бұл ретте үй жануарларын есепке алу бұйымдарына (құралдарына) болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар) жатады.