Алматы облысындағы оқушылар арасында жаппай төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірім мерт болды, оған мылтық оғы тиген.
Оқушылар арасындағы жаппай төбелес: 17 жастағы бала көз жұмды
998
оқылды

5 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында зорлықпен өлім белгілері бар 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды.

"Жасөспірімнің мылтық оғынан жарақат алып, қаза болғаны анықталды. Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазір  9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі,14-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов

Алматы облысындағы Бәйдібек би ауылында сағат түнгі 12-де жастар арасында төбелес болып, оқушылардың бірі жарақат алып, қайтыс болды.

 

 

kfc.kz

РЕКЛАМА

Перейти на сайт

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желідегі парақшаларда тарады.