Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды polisia.kz.
Анасы мен баласын көлікпен қағып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды
566
оқылды

3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран аудандық полиция бөлімінің жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды – анасы мен қызын қағып кеткен болатын. Салдарынан екеуі де түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

«Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады.

Айта кетейік, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында», - деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің аға инспекторы Бақдәулет Уразбаев.