Бүгін Алматы облысындағы Қарасай ауданында жұмыс орнында дене жарақатын алған медбике қайтыс болды. Әйелге дене жарақатын салды деген күдікпен ер адам ұсталды, – деп хабарлады ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында.
Алматы облысында ер адам перзентханада медбикені пышақтап өлтірді
1,239
оқылды

Ведомство мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскенін, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.

«Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Қошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде «ізін суытпай» ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады полицияда.

Полиция қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын айтты.

ІІМ өкілдеріне ұсталған адам оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан орын алғанын айтқан.

Құзырлы орган Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.