Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445,5 – 449,5 теңгеден сатылып жатыр.
8 тамызға арналған валюта бағамы
1,310
оқылды

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 8 тамызға арналған ресми бағамын белгіледі.

Бүгін 1 доллар құны – 446,36 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,62 теңге.

7 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,26 теңгеге қымбаттап, 446,44 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, елордадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445,5 – 449,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 446,3 – 448,9 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,65 – 4,75 аралығында саудаланып жатыр.