Бала бұрыннан сырқат болған.
«Атырау-Астрахан» пойызында қайтыс болған баланың анасы мәлімдеме жасады
1,433
оқылды

«Атырау-Астрахан» пойызында кенеттен қайтыс болған баланың анасы ешқандай талабы жоқ екенін айтып, мәлімдеме жасады.

Қатарластарымен бірге лагерьге бара жатқан 13 жастағы бала көз жұмған еді. Анасы Тамара Цаплинаның сөзінше, бала бұрыннан сырқат болған.

Анасының мәлімдемесін әлеуметтік желі қолданушысы Сандуғаш Кукенова өзінің Facebook-тағы парақшасына жүктеді.

«Мен пойызда қайтыс болған Святослав Цаплиннің анасымын. Адамдар оның тамақтан уланудан көз жұмғанын айтып жатыр. Олай емес. Оның бала күнінен сырқаты бар еді. Әрине, мұндай жағдай әркімнің басында болуы мүмкін. Атырау облысының, Атырау қаласының әкімдері қаржылай көмек берді. Автобус бөлді. Моральдық қолдау үшін алғыс айтамын. Көмек берген, қолдау көрсеткен адамдардың бәріне ризашылығымды білдіремін. Ешкімге ешқандай талабым жоқ», – дейді Тамара Цаплина.

Бұған дейін, Атыраудан лагерьге бара жатқан баланың пойызда көз жұмғаны туралы болатынбыз.