Жетісу облысында нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше елді мекен су астында қалды.
Жетісу облысында жаңбырдан кейін бір ауылды су басты
1,077
оқылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесінің аула аумағын су басып, еңіс ағыны болған.

“Оқиға орнында 22 құтқарушыдан тұратын Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Олар жүзу құралдарынан бөлек арнайы жабдықтармен және техникамен жабдықталған. Қазір инженерлік жұмыстар, адамдарды ішінара эвакуациялау және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, кеше Жетісу облысы ТЖД 12 тамызда түстен кейін облыс аумағында жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын күтілетіні туралы дауылды ескерту таратқан болатын.