Оралда жоғалып кеткен 17 жасар қыз аман-есен табылды, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
Оралда жоғалып кеткен 17 жасар қыз 4 күннен соң табылды
7,016
оқылды

17 жастағы Адель Сансызбаева 8 тамызда үйден шығып кеткен, содан бері оны ешкім көрмеген. Полицейлер қызды бірден іздестірді.

Төрт күннен кейін Адель Сансызбаева аман-есен табылды. Бұл туралы қыздың анасы Айгүл хабарлаған. Осы күндері Адельдің қайда болғанын және оның үйден не себепті кеткенін полиция да, қыздың туыстары да хабарлаған жоқ.

Бұған дейін анасы Айгүл Сансызбаева қызының бұрын-соңды бұлай кетпегенін және қайда екенін үнемі ескертіп отыратынын айтты. Адельдің денсаулығында да ешқандай проблема болмаған.