Қайғылы оқиға жаңа қала аумағында салынған үйлердің бірінде болған.
Түркістанда егде жастағы әйел лифт шахтасына құлап, көз жұмды
1,002
оқылды

Түркістан қаласында 74 жастағы әйел лифт шахтасына құлап кетіп, қаза тапты.

Қайғылы оқиға жаңа қала аумағында салынған үйлердің бірінде болған. Жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. Ал бірінші қабаттағы лифтінің есігін ашқан 74 жастағы тұрғын төменге құлап кеткен.

«Жөндеу жұмыстарына байланысты есіктердің барлығы жабылған болатын. Ал зардап шегушінің есікті қалай ашып алғаны тексеріліп жатыр», - деді Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.