Аталған көшелер астындағы магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Алматыдағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
546
оқылды
Алматыда 16-17 тамызда жылу желілерін реконструкциялау кезінде бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Алматыда жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бірнеше көшеде ішінара автомотокөліктердің қозғалысы шектеледі.

2023 жылғы 16 тамыз сағат 10:00-ден бастап Әуезов ауданында Сүлейменов көшесімен (автобус жолағы бойынша) Тоқтабаев көшесінен Пятницкий көшесіне дейін, сонымен қатар Түрксіб ауданында 16 тамыз сағат 21:00-ден 17 тамыз сағат 06:00-ге дейін Сейфуллин көшесінен Монтина көшесіне дейін (шығыс бағытта) көлік қозғалысы шектеледі.

"Аталған көшелер астындағы магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", – деп хабарлайды "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.