Доллардың орташа бағамы 0,85 теңгеге қымбаттап, 449,48 теңге болды.
Доллар қымбаттады: 16 тамызға арналған валюта бағамы
2,782
оқылды

Ұлттық банк 16 тамызға арналған валюта бағамын жариялады.

Бүгін 1 доллар құны – 449,17 теңге, ал Ресей рублінің бағасы – 4,58 теңге.

15 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,85 теңгеге қымбаттап, 449,48 теңге болған.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449-453 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 451,5-454,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Қазір ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,54-4,79 теңге аралығында саудаланып жатыр.

 

Фото: Zakon.kz