Астанада екі жастың таныстығы спайкингпен аяқталды.
Астанада әлеуметтік желі арқылы танысқан жігіт қыздың кофесіне есірткі қосып берген
1,255
оқылды

Полицияға жас қыз арызданып, сырттай таныс адамның кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтқан, деп хабарлады Polisia.kz.


Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған.

Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай болған оқиға қалмаған.

Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Фото: make-up-course.ru