Республиканың көп бөлігінде термометр бағаны біртіндеп көтеріле береді.
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа температурасы көтеріледі
4,430
оқылды

16-18 тамызда Қазақстанның көп бөлігінде біртіндеп ауа температурасы жоғарылайды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронталдық бөліктер өтетін кезде Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады: күн күркіреп, жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Елдің тек солтүстік, орталық және оңтүстігінде ғана жауын-шашын түспейді. Республиканың көп бөлігінде термометр бағаны біртіндеп көтеріле береді.