Әйел елордадағы мектеп директоры, қайтыс болған ер адам оның күйеуі екені анықталды.
«Астанада мектеп директоры күйеуін өлтірген»: полиция тергеу қорытындысын жариялады
1,212
оқылды

Астана полициясы күйеуін өлтірді деген мектеп директорына қатысты тергеу немен аяқталғанын мәлімдеді, – деп хабарлады Tengrinews.kz.

Редакцияның ресми сауалына Астана Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы («Қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауы») бойынша тоқтатылғанын хабарлады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Айта кетейік, 26 ақпанда Астанада полицияға пәтерден ер адамның мәйіті табылғаны, әйелдің пышақ жарақатымен ауруханаға түскені турала хабарлама түсті. Әйел елордадағы мектеп директоры, қайтыс болған ер адам оның күйеуі екені анықталды.