Тергеу жұмыстары басталды.
Ақтөбеде әйел адамға қарақшылық шабуыл жасаған екі жігіт ұсталды
481
оқылды

Ақтөбе қаласында әйел адамды тонап кеткен екі жас жігіт ұсталды.

«17 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестерімен бірлесіп, 16 тамыз күні 1995 жылы туған әйелге қатысты қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласында 2002 және 2003 жылы туған БҚО-ның екі тұрғынын ұстады.

Оның бірін Зашаған кентінде, екіншісін Ақжайық ауданында құрықтаған», – делінген хабарламада.

Қарақшылар әйел адамның 2000 АҚШ доллар ақшасын және 3 ұялы телефонын, Air Pods құлаққабын ұрлап кеткен.

Ұрланған ақшалай заттар, 1 ұялы телефон және Air Pods құлаққабы тәркіленді. Тергеу жұмыстары басталды.