Екі жарым сағаттан соң Қарғалы шатқалы аумағында тағы екі турист табылды.
Алматы тауларына барған туристер адасып кетті
606
оқылды

Алматы тауларында туристер адасып кетті.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 20 тамызда Іле Алатауы тауларындағы Каменский шыңынан түскен кезде үш адам адасып, құтқарушыларға қоңырау шалған.

Түні бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп, сағат 6:40-та РЖҚЖ мен қаланың құтқарушылары бірінші адасқан туристі тапты.

Екі жарым сағаттан соң Қарғалы шатқалы аумағында тағы екі турист табылды.

ТЖМ құтқарушылары таулы жорыққа шықпас бұрын жақындарыңызға жоспарларыңыз туралы хабарлап, бағытты, сондай-ақ қайту уақытын қысқаша ескерткен жөн екенін еске салады.