Жаңа оқу жылының қарсаңында пәтер жалдау ақысы тағы да қымбаттады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Naryk.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Пәтер жалдау бағасы күрт қымбаттады
1,961
оқылды

Биыл шілдедегі мәлімет бойынша, тұрғын үйді жалға алу бір айда 1,9% және бір жылда 28,6% қымбаттады.

Шілдеде тауар мен қызмет бір айда 0,6% және бір жылда 14% қымбаттаған, ал 2023 жылдың 2-тоқсанында жалақының нақты өсімі 4,7% және былтырғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда небәрі 1,2% өскен. Яғни, жалдау құны азаматтардың жалақысы мен инфляцияға қарағанда тез өсіп жатыр.

Ірі қалаларда жалдау құны Қарағандыда (3,9%), Алматыда (3,1%), Петропавлда (0,6%) және Шымкентте (0,1%) өсті.

Жылдық динамикада баға барлық ірі қалаларда өсті. Түркістанда 3% төмендеді. Қымбатшылық Алматыда (43,1%), Петропавлда (40,3%) және Көкшетауда (37,1%) байқалды.

Елімізде тұрғын үйдің шаршы метрін жалға алудың орташа құны  4,7 мың теңге. Былтыр 3,6 мың теңге болған. 

Ең жоғары бағалар Алматыда белгіленді: бір шаршы метрі – 5,6 мың теңге. Одан кейінгі орында Астана (шаршы метр 4,5 мың теңге) және Қонаев (4 мың теңге) қалалары болып тұр.

Тараз  (1,9 мың теңге), Қызылорда (2,1 мың теңге) және Түркістан (2,2 мың теңге) қалаларында жалға алу арзан. 

Фото: qmonitor.kz