Сот процесі бірінші сатыдағы ережелер бойынша апелляциядан өтті.
Қайрат Боранбаев кінәсін мойындады
793
оқылды

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады.

 

Судья Асламбекова Қайрат Боранбаевтан «кінәңізді мойындайсыз ба?» деп сұрады.

«Іс жүргізу келісіміне сәйкес, мойындаймын», – деп жауап берді Қайрат Боранбаев.

Апелляциялық алқа "Азия Газчунджа" ЖШС құрылтайшылары Боранбаев пен Нахановқа, сондай-ақ Qazaq Gaz АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты ісін қайта қарады.

Қ.Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин сотта мәлімдегендей, өтініш кінәні мойындау және тергеу органдарымен ынтымақтастық туралы мәміле жасасудан тұрады. Өтінішті барлық қорғаушылар қолдады.

Аталған мәселе келесі отырыста қаралады.

Сондай-ақ судья сотталушы Боранбаевтың қызымен сөйлесу туралы өтінішін де қанағаттандырды. БАҚ өкілдерінен кездесу бөлмесінен шығуды сұрады.

Еске сала кетейік, 2022 жылы 17 наурызда соттың шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалды. Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді.

Өткен жылы 30 желтоқсанда Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды.

Өз кезегінде прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.

30 наурызда Боранбаевқа сот үкімі шығып, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда 2 шілдеде кәсіпкерге қатысты шыққан сот үкімінің күші жойылды.

Кейін Қайрат Боранбаевтың сыртқа заңсыз шығарылған активтерді қайтара бастағаны белгілі болды.