Азия ойындарында 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Азия ойындарында ел намысын қорғайтын боксшы қыздардың есімі белгілі болды
1,417
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайтын бұрымды боксшыларымыздың есімі белгілі болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан бокс федерациясы хабарлағандай, Сарықұрлық додасында ел намысын әйелдер арасында алты боксшы қорғамақ.

Атап айтсақ, ұлттық құрама сапында жарысқа Назым Қызайбай (51 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) және Валентина Хальзова (75 кг) қатысады.

Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстанның туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая көтеріп шығады.

Азия ойындарында 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.