ҚМА Алматы қалалық департаменті заңсыз сауданың жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құны 80 миллион теңгеден асатын электронды темекі тәркіленді
660
оқылды

Департамент қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен электронды темекіні заңсыз саудалағандарға тосқауыл қойды. 

Жедел іздестіру нәтижесінде, қалада электронды темекіні заңсыз көтерме бағамен сатқан сауда және қойма анықталды.

Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы  талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Фото: news.myseldon.com