“АрселорМиттал Теміртау” компаниясының “Саран” шахтасындағы өртке қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды.
"АрселорМиттал Теміртау"  шахтасындағы өрт: Жаңа деректер жарияланды
605
оқылды

Өрт кезінде Саран шахтасында 187 адам болған.

Шахтадағы өрт сағат 01:55-те басталған. "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кезде шахтада 187 адам жұмыс істеген, төртеуі кенжарда болған.

"Өрттің шығу себептері анықталуда. Барлық адамдар шахтадан шығарылды, өрт таңғы сағат 04:00-де сөндірілді", – деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметі.

Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының тағы бір шахтасында өрт шыққаны туралы хабарладық. Өрт Саран шахтасында болды.