Педофил деген күдіктінің ұсталған сәті туралы видео әлеуметтік желіде тарады.
«Қазір ғана болған жағдай»: Алматыда тұрғындар педофил деген күдіктіні ұстады
2,151
оқылды

Алматыда көшеде өтіп бара жатқан жүргіншілер кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған ер адамды ұстауға көмектесті.

 

Педофил деген күдіктінің ұсталған сәті туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Онда оқиғаның Алмалы ауданында болғаны айтылады.

«Педофилдерге өлім жазасын бермей, бұлар құтырып, тоқтамайды. Қазір ғана болған жағдай. Алматы қаласы. Менің танысым көшеде қыздың жанайқайын естіп жүгіріп шығып, ана сұмырайды полиция келгенше, өз күшімен ұстап тұрған. Шынымен асыққаннан киімін де теріс киіп алыпты. Толық видео керек болса, бар», – деп жазады қоғам белсендісі Сәуле Бітікеева.

Полиция департаменті аталған дерек Алмалы аудандық ПБ-де тіркеп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Ұсталған азамат жауапкершілікке тартылды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», – деді полиция.