Бес бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр.
Қарағандыда жаппай уланған мүгедек балалардың тағы бірі көз жұмды
898
оқылды

Қарағандыдағы мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған мүгедек балалардың екіншісі көз жұмды. Ол бұған дейін біраз уақыт реанимацияда жатты, – деп хабарлайды Патриот Telegram арнасы.

«Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, 2012 жылы туған баланы құтқару мүмкін болмады. Ол көпсалалы қалалық балалар ауруханасында қайтыс болды. Өлімнің себебі – жүрек қызметінің жеткіліксіздігі», – деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Тағы бес бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр.

Аталған мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 160 мүгедек бала тұрады. Олардың 99-ы ата-анасы жоқ жетім бала.

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болды. Алты бала ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған еді.

Балалар уланған орталық басшысының міндетін атқарушы мен 12 медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді.