Көлікте үш кішкентай бала да болған.
"Яндекс" жүргізушісі рульде келе жатып насыбай атып, ұйықтап кеткен
4,792
оқылды

Танымал актер Асылхан Төлеповтің жұбайы Айсұлу Нарымбекқызы "Яндекс" жүргізушісі рудьде келе жатып насыбай атқанын, соның әсерінен жолда ұйқылы-ояу күйде көлік жүргізгенін айтып шағымданды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Айсұлу Нарымбекқызының сөзінше, көлікте үш кішкентай бала да болған.

"Яндекс, такси жүргізушілеріне назар аударыңыздар. Салонда үш баламен отырдық, жүргізуші көлік тізгінінде келе жатып, насыбай атып отырды. Сөйтіп, ұйықтап кетті. Рульде отырып. Біздің ескертуімізге елең етпеді, өйткені ұйқылы-ояу күйде отырды. Бағаны аспаннан алғандарыңыз аздай, енді жүргізушілеріңіз де аспанда қалықтап жүр", – деп жазған ол.

Бұл мәселеге қатысты "Яндекс" компаниясына сауал жолданған.