Ерік Ысқақов оқиғаға бей-жай қарамай, оқыс жағдайда батыл әрекет етіп, адам өмірін сақтап қалды.
Әскери қызметші 15-қабаттан секірмек болған жасөспірімді аман алып қалды
985
оқылды

Астанада тұрғын үйдің 15-қабатынан секірмек болған жасөспірімді Қарулы күштердің әскери қызметшісі құтқарып қалды, – деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Сержант Ерік Ысқақов 83205 әскери бөлімінің техник-жүргізушісі. 20 тамызда Астана қаласының «Оңтүстік-шығыс» шағын ауданында тұратын туыстарына келген.

«Күтпеген жерден жиенім көрші көпқабатты үйде қыз балконнан секірмек боп жатыр деп айқайлады. Мұны көріп, кіреберіске жүгіріп барып, лифтпен 14-қабатқа шықтым. 15-ке баспалдақпен көтерілдім. Жайлап жақындап, балконнан оны тартып түсіріп алдым», – дейді ол.

Төменде құтқарушы мен жасөспірімді ТЖМ, полиция және медицина қызметкерлері күтіп тұрды.

Осылайша, Ерік Ысқақов оқиғаға бей-жай қарамай, оқыс жағдайда батыл әрекет етіп, адам өмірін сақтап қалды. Ол өз әрекетін ерлік деп санамайды, алайда жасөспірімді қазадан құтқара алғанына қуанышты.