Жыл сайын өтетін Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингі елорданың Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өтті.
Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты
956
оқылды

Жыл сайын «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуы және дарынды жастарды қолдау мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында 2012 жылдан бастап Қысқы қайырымдылық балын өткізеді. Қысқы қайырымдылық балы – дәстүрлі түрде бизнестің, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайтын өз тарихы бар Қазақстандағы жалғыз бал. 11 жыл бойы балдың қонақтары классикалық вальстен «жалынды» латиноға шейін дебютанттардың биі, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, сондай-ақ іс-шараның серіктестерінен жүлделер ұтыс ойыны бар ғажайып атмосфераға бөленеді.

Бұл жылы Қысқы қайырымдылық бал іс-шараларының басталуы, атап айтқанда дебютанттар кастингі елордадағы Қазақ музыкалық-драма театрында салтанатты түрде өтті. XIV Қысқы қайырымдылық балының дебютанты атанудың құрметі үшін 300-ге жуық адам тартысты. Дебютанттар – Қысқы қайырымдылық балының бетке ұстар жауһары. Барлық жылдар ішінде дебютанттар кастингіне 6 мыңнан астам адам қатысты, ал балдың өзіне 148 жұп дебютант қатысты. Бал жүректерді бір-біріне жалғайды десе болады, 6 жұп дебютант өз алдына жанұя болды.

Іріктеудің екі кезеңінен: хореографиялық байқаудан және ұйымдастырушылармен әңгімелесуден сәтті өткен 30 үміткер дебютант атанды. Үш ай бойы олар балда орындайтын әр түрлі кәсіби бал билерін үйренеді. Дебютанттарды биге Қысқы қайырымдылық балдарын қоюшы-хореограф хореография факультеті деканының орынбасары, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, ҚР спорттық би федерациялары қауымдастығының мүшесі – Евгений Моисеев.

«Осы балдың арқасында біз құқықтар мен мүмкіндіктер тең инклюзивті, ашық қоғам құрып жатырмыз. Балдардан түскен қаражатқа біздің қор ерекше балалары бар отбасылардың өмір сүру сапасын, инклюзивті білім беру саласында мамандарды даярлау сапасын және соның нәтижесінде инклюзивті білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыратын бүкіл әлемде қабылданған озық әлемдік тәжірибелерді, ғылыми дәлелденген тиімді әдістемелерді енгізеді. Сонымен қатар біз бүкіл ел бойынша инклюзивті алаңдар желісін құрдық, соның арқасында аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 800-ден астам баланы үйдегі оқытудан шығардық. Елдегі тұңғыш мінез-құлық талдаушыларын оқыттық, бүгінгі таңда енді олар ерекше балалармен жұмыс істейтін жүздеген педагогтар мен мамандарды оқытып жатыр» – деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.          

Жиналған қаражат «Болашақ» қорының ерекше қажеттіліктері бар балалар мен дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына бағытталды.

XIV Қысқы қайырымдылық балының демеушілері: «Нұрбанк» АҚ және «Hilton Astana» қонақ үйі. Бал кастингінің ұйымдастырылуын Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры қолдады. Сонымен қатар «Amanat» партиясы мен «The sun» диджитал агенттігі кастингке қолдау көрсетті. XIV Қысқы қайырымдылық балы Астанада 8 желтоқсанда «Hilton Astana» қонақ үйінде өтеді.