Ақмола облысының Қосшы қала­сында 1 500 және 1 200 орынға арнал­ған екі жаңа мек­теп ашылып, пайда­лануға бе­рілді.
Қосшыда екі мектеп ашылды
1,001
оқылды

Бірінші мектеп – 1 500 орындық мек­теп-гим­назия жеке инвестиция есе­бінен салынды. Мектеп құры­лы­сы 2022 жылы басталған, пай­да­лану­ға 2023 жылдың тамыз айында бе­­рілді. Мектеп толық жабдық­тал­ған, оқу каби­нет­тері қажетті ком­пью­терлік жабдықтармен қамта­ма­сыз етілген. Ғимаратта 360 орындық асхана, 280 орындық акт залы, екі спорт залы, төрт информатика ка­бинеті, музыкалық аспаптар каби­не­ті, буфет, кітапхана, үш кітап қой­­­­масы, сондай-ақ гимназияда (қыш ше­бер­­ханасы, роботтехника, фотостудия ка­би­нет сияқты) ар­найы кабинеттер бар. Бұдан бөлек, химия, физика, биология, техно­ло­гия кабинеттері барлық қажетті жаб­дықтармен то­лық қамтылған. Оқу кабинеттері санитар­лық талап­тар­ға сәйкес мектеп жиһаздарымен жаб­­дықталған. Мектеп аумағында фут­бол жә­не баскетбол алаңы бар.

Екінші жаңа мектеп – мемле­кеттік тілде бі­лім беретін 1 200 орын­дық білім ордасы. Ғи­марат үш қа­баттан, алты блоктан тұрады. Оқу кабинеттерінің саны – 50. Химия, фи­зика, биология, технология ка­бинеттері, қа­жетті жиһазбен толық­тай жабдықталған. Оқу ордасында 384 орындық асхана, 600 орын­дық акт залы, ауданы 520 шаршы метр спорт залы, металл, ағаш, мата өң­деу шебер­ха­налары, алғашқы әс­кери дайындық каби­не­ті бар. Мек­теп аумағында футбол және бас­­­кетбол алаңы да қарастырылған. 

Айта кетейік, жаңа 2023–2024 оқу жы­лы­ның басында 7 мектепке Қос­шы қаласы бойын­ша 10 809 оқу­шы барады. Жалпы, биыл 1 қыр­күйекте Ақмола облысы бойынша пар­­тияның сайлауалды бағдарла­ма­сы аясында 5 мек­теп пайдалануға бе­рілді. Олар Көкшетау және Қос­шы қалаларында, Өтеміс және Жібек жолы ауылдарында орналас­қан.