Алматы қаласында әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысындағы «Сансет» мейрамханасында түнгі сағат 00.30 шамасында атыс болды. Бұл туралы Aikyn.kz Бостандық аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыдағы атыс: тапаншадан оқ жаудырған
781
оқылды

Куәгерлердің мәліметінше, бетперде киген 4 адам келіп, Макаров тапаншасынан оқ жаудырған. Оқ бірінің асқазанына, екіншісінің аяғына тиген. 

Бұл факті бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. 

Қылмыс орнына қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел тергеу тобы барды. Қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел тексеру, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірі қамауға алынды. 

Фото: kazpravda.kz