Қарағандыда егіз сәби өлі күйінде табылды
Қарағандыда егіз сәби өлі күйінде табылды
© elements.envato.com
252
оқылды
Қарағандыдағы Абай ауданында пәтерлердің бірінен сәбилердің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, олар егіз болған. Сәбилердің отбасының тұрмысы жақсы болған.
"Расында, ондай дерек анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Отбасының тұрмысы жақсы. Әзірше басқа ақпарат бере алмаймыз", - дейді Абай ауданының білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің өкілдері. Еске салайық, 25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысындағы Обуховка ауылында зорлық іздері бар сәбидің денесі табылған. Бүгінде бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.