Қабылдауға келушілерге сала маманы банкроттық рәсім алгоритмін түсіндіріп, қажетті құжаттар тізімін ұсынды.
Банкроттық рәсім алгоритмін түсіндіріп, қажетті құжаттар тізімін ұсынды
1,105
оқылды
Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қызылорда қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Темірова Ләззат Болатқызы қабылдау өткізді.
Қабылдауға келушілерге сала маманы банкроттық рәсім алгоритмін түсіндіріп, қажетті құжаттар тізімін ұсынды.
 
Банкроттық басқарушының құзыреті, міндеттері мен жауапкершілігі бойынша заң нормаларын атады.
Л. Темірова осы және өзге де ақпараттарды келушілерге ұсынып, қосымша мәлімет қажет болса өңірлік басқармаға жүгінуге болатынын немесе https://www.fingramota.kz/kk сайтынан білуге болатынын жеткізді.
Қабылдау барысында Л. Темірова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына тоқталып, қаржы-несие саласы бойынша атқарылып жатқан және болашақта жүзеге асырылатын жобалар жайлы сөз қозғады.
 
Жолдауда Ел Президенті нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кеткенін, осы жағдай қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтыратынын атаған болатын. 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиесін кешіру туралы шешім және жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң мәселені біршама реттегенімен, ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажеттілігі айтылған.
 
Қ.К. Тоқаев «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырғанын, олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар екенін атаған болатын. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсеткендіктен Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасын жалпы ел аумағында жүзеге асыруды тапсырды.
Л. Темірова қабылдау аясында «Қарызсыз қоғам» жобасының артықшылықтарына тоқталып, алдағы уақытта партиямен осы бағытта етене жұмыс атқаратындығын жеткізді.