Оқиға орнына тез арада кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары жетті.
Хромтауда полицей тұрғын үйдің 5-қабатынан секірмек болған әйелді құтқарып қалды
479
оқылды

Хромтауда полицей тұрғын үйдің 5-ші қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 қыркүйек күні кешкі 20:00 шамасында 102 арнасына белгісіз әйелдің бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына тез арада кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары жетті.

Үш учаскелік полиция инспекторы ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырды.

Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған.

Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды.