Шымкентте түнгі клубқа келген жас қыз шұлығына есірткі жасырған.
Шұлығына есірткі жасырған жастар ұсталды
752
оқылды

Полицейлер  рейд барысында түнгі клубқа келген бойжеткеннен есірткі тапты. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Түнгі клубтың кіреберісінде тыйым салынған заттар бар деген күдікпен екі жасты тоқтатқан. Тексеру нәтижесінде, 22 жастағы бойжеткеннен есірткі табылды. Дәл осындай ұнтақты оның 19 жастағы досынан да тапты. Олар есірткінің бір реттік дозасын қолданып көру мақсатында шұлықтарына жасырған. 

Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың мефедрон екенін растады. Ұсталғандар есірткіні көшеден тауып алып, клубта көңіл көтеру үшін алып келгенін айтқан. 

Факті әл-Фараби АПБ-да ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. 

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: polisia.kz