Мәжілістегі «АМАNAT» фракциясының депутаты Руслан Қожасбаев шекаралық аймақтардағы су тапшылығына қатысты пікір білдірді.
«Шаруада су болмаса, елде азық болмайды» – Руслан Қожасбаев
1,370
оқылды

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы саяси-экономикалық тұрғыдан өте салмақты болғанын айтты.

– Су мәселесін ерекше атап өткім келеді. Су – тіршілік көзі. Еліміздің шекаралық аймақтағы елді мекендерінде су тапшы екенін баршамыз білеміз. Мысалы, Жамбыл облысының шаруалары биыл су тапшылығын қатты сезді. Шаруада су болмаса, өнім болмайды, өнім болмаса халықта азық болмайды. Сондықтан, су шаруашылығын дамытып, осы салаға бағытталған министрліктің құрылғаны өте дұрыс шешім.

Халық қалаулысының айтуынша, су – шектеулі ресурс. Сондықтан, бұл саланы зерттеп, тек мұздықтардың суын ғана пайдаланып қоймай, жерасты суларын да пайдаға жарату керек деп есептейді.