«Астана Аренадағы» кездесуде бір ғана гол соғылды.
Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұтылып қалды
1,458
оқылды
"Астана Арена" стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия құрамалары арасында көптен күткен футбол ойыны өтті. H кіші тобының көшбасшыларының текетіресі Финляндия құрамасының жеңісімен аяқталды. Есеп: 1:0.

Қазақстан құрамасы алғашқы минуттан алаңға мына құраммен шыққан еді: Игорь Шацкий, Нұралы Әліп, Марат Быстров, Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Асхат Тағыберген, Ян Вороговский, Лев Скворцов, Абат Айымбетов, Бақтиер Зайнутдинов, Александр Марочкин. Бас бапкер – Магомед Әлиев.

Финляндия құрамасының бастапқы құрамын мынадай болды. Лукас Градецки, Артту Хосконен, Ричард Йенсен, Роберт Иванов, Оливер Антман, Теэму Пукки, Расмус Шюллер, Каан Кайринен, Николай Алхо, Йоэль Похьянпало, Илмари Нисканен. Бас бапкер – Маркку Канерва.

«Астана Аренадағы» кездесуде бір ғана гол соғылды. Өкінішке қарай, бұл голды қонақтар салды. 78-минутта Оливер Антман гол соғып кетті. 

Ойынның соңына дейін қазақстандықтар қос қаптал арқылы шабуылдап, есепті теңестіруге тырысқанымен, Лукаш Градецки қақпасынан саңылау таба алмады.

Осы ойыннан кейін финн футболшылары 12 ұпай еншілеп, көш басындағы орнын нығайта түсті.

Ал Қазақстан құрамасы енді 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен күш сынасады.