Мас ер адам қатты айқайлап, өзін босатуды сұраған.
Полицейлер сегізінші қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды
664
оқылды
"102" шұғыл байланыс желісіне көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 8-қабаттағы пәтер терезесінен белгісіз азаматтың секіргелі жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына полиция капитаны Асылхан Молдағалиев пен аға лейтенант Қуат Сембеков аттанды.

Полицейлер оқиға орнына келіп жеткенде ер адам балконның терезесінен қос қолымен ұстап салбырап тұрған.Тәртіп сақшылары 8-қабатқа жалма-жан көтеріліп, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге ер адамды ұстап қалып, ішке тартып кіргізген. Дегенмен мас ер адам қатты айқайлап, өзін босатуды сұраған.

"Біз экипаж мүшелерімен бірге оқиға орнына жедел жетіп, балконда салбырап, төменге секіргелі тұрған ер адамды көрдік. Санаулы секундтарда жоғары көтеріліп, оны қолынан ұстап, пәтерге сүйреп кіргізіп алдық", - дейді Асылхан Молдағалиев.