Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Жер қойнауын пайдалану туралы заң жобасы қаралады
717
оқылды

Жалпы отырыста депутаттардың бастамасымен әзірленген «Жер қойнауы және жер қойнауын пай­далану туралы» Кодекске түзетулер енгізу ту­ралы заң жобасы бірінші оқылымда  ұсынылады. 

Бұл заң жоба жер қойнауын пайдалануға ар­налған келісімшарттар жасау және базалық жо­балау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу рәсімдерін оңтайландыруға, жер қойнауын пай­даланушылардың қаржылай және әкімшілік шы­ғындарын азайтуға бағытталған.

Сонымен қатар депутаттар экспорттық-кре­диттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экс­пор­тын ілгерілету мәселелері туралы заң жоба бірінші оқылымда және «Еуразиялық қайта сақ­тандыру компаниясын құру туралы келісімді ра­ти­фикациялау туралы» заң жобасын талқылайды. 

Палата комитеттері бірқатар рати­фикация­ланатын құжатты жұмысқа қабылдайды. Олар: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы мемлекеттердің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісім. 

Сондай-ақ күн тәртібінің жобасында VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары бар.