Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Атырауда 3 тонна дизель отыны заңсыз сатылған
829
оқылды
Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілді.
"2023 жылдың қыркүйек айында осындай шаралардың нәтижесінде мұнай өнімдерін заңсыз жолмен сатумен айналысқан 1 жеке тұлға бойынша жалпы саны 3 тонна дизельдік отын анықталып, іс-материалдары әрі қарай шешім шығару үшін әкімшілік сотына жолдануда", – делінген Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының хабарламасында.