"Қазгидромет" РМК Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты 10-12 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Астана, Алматы, Шымкент: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
6,558
оқылды

Астана

10 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде соққан желдің екпіні – 3-8 м/с, күндіз – 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз: +16...+18°C, түнде: +10...+12°C.

11 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, арагідік қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, найзағай ойнайды. Соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, күндізгі екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз: +16...+18°C, түнде: +10...+12°C.

12 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, арагідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз: +12...+ 14°C, түнде: +10...+12°C.

Алматы

10 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Жел болмайды. Ауа температурасы күндіз: +21°C, түнде: +16...+18°C.

11 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы – 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні – 12 м/с. Ауа температурасы күндіз: +30...+ 32°C, түнде: +17...+ 19°C.

12 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, арагідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің жылдамдығы - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы күндіз: +21...+ 23°C, түнде: +15...+17°C.

Шымкент

10 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Жел болмайды. Ауа температурасы күндіз: +20°C, түнде: +18...+ 20°C.

11 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің жылдамдығы – 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с, тіпті 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз: +28...+30°C, түнде: +18...+ 20°C.

12 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Ауа температурасы күндіз: +22...+24°C, түнде: +12...+14°C.