Бұл оқиға әйелдердің бірі жүкті болып, АИТВ-ға тексерілу үшін емханаға тіркелу кезінде белгілі болды.
Қарағандыда ер адам екі әйелге әдейі ВИЧ індетін жұқтырды
920
оқылды

 Анықталғандай, ол індетті жұқтырған және ол күйеуінен басқа серіктестермен байланыспағанына сенімді. Сондықтан инфекцияны қалай жұқтырғанын түсінбей, әбігерге түсті.

Тергеуден кейін ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл іс   Қылмыстық кодекстің 118-бабы бойынша сотқа жолданды, бұл аурумен ауырғанын білген АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамның басқа жанға иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыруына қатысты.

Әйелдің жүктілігіне сегіз ай болған. Енді тек дәрі-дәрмек ішеді. Сәбидің дені сау болып дүниеге келуі де әбден мүмкін екен.