Бүгінгі ойынды тамашалауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барды.
Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді
1,034
оқылды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы екінші рет Солтүстік Ирландияны жеңді.

Матч елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтті.

Ойынның 27-минутында қазақстандық шабуылшы Максим Самородов ойындағы жалғыз голды салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы алты ойыннан кейін 12 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. 

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде алғаш рет 10-нан көп ұпай жинап отыр. 12 ұпай біздің құрама үшін рекорд саналады.