Биыл өңірде ауырған мал саны бойынша былтырғы көрсеткішке 337 бас қосылған.
Қарағанды облысында 19 тұрғын бруцеллезбен ауырып жатыр
837
оқылды

Қарағанды облысында адамдар арасына бруцеллез ауруы тарап жатыр.

"Биыл 2022 жылмен салыстырғанда, ауырған мал саны – 337 басқа артық. Инфекция Шет, Абай, Ақтоғай, Нұра және Бұқар жырау аудандарында тіркелді", – деп мәлімдеді облыстың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Қарағанды облысының 19 тұрғыны бруцеллез жұқтырған. Эпидемиологиялық тексеру барысында адамдар арасында бруцеллезді 61,8% жағдайда сүт пен сүт өнімдерін термиялық өңдеусіз пайдаланғаннан, тексерілмеген жерден сатып алғаннан жұқтырған. 38,2% жағдайда жануарларын күту кезінде санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерді бұзып, жануарларды уақытылы зертханалық тексеруден өткізбеген.

«Сыртқы ортадан алынған сынамаларда бруцеллез қоздырғыштары 13,2% сүт өнімдерінен, 25% жемнен анықталды», – деп атап өтті ведомство.

фото: t.me/TheDairyNews